1 тамыздан 30 қыркүйекке дейін "Мектепке жол"акциясы өтеді.
Акция аз қамтылған, көп балалы отбасылардан шыққан балаларға, жетім балаларға, сондай-ақ ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға әлеуметтік қолдау көрсетуге бағытталған:
- көмекке мұқтаж балалардың тізімін қалыптастыру;
- демеушілер мен меценаттардың мұқтаж балаларға материалдық және қаржылық көмек көрсетуі;
- мектеп жәрмеңкелері төмен бағамен;
- мектеп керек-жарақтары мен киімдерін жинауға арналған контейнерлер орнату;
- көмек жинау бойынша жылжымалы пункттердің жұмысы;
- "тәуекел тобындағы" балаларды анықтау
Осыған байланысты, "Мектепке жол" республикалық акциясы шеңберінде табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен отбасы балаларына, қамқорлыққа алынатындарға, көп балалы отбасыларға көмек көрсету мақсатында Сіздің ауылдық округ аумағында тұратын шаруашылық жүргізуші субъектілердің басшыларына, шаруа қожалықтарының, ЖК басшыларына, демеушілерге, меценаттарға жүгіну қажет.