Мемлекеттік көрсетілген қызметтер бойынша
2022 жылға арналған есеп
1. Жалпы ережелер
1) Көрсетілетін қызметті берушілер туралы мәліметтер: «Ақмола облысы білім басқармасының Жақсы ауданы бойынша білім бөлімі Подгорное ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ. Заңды мекенжайы Ақмола облысы, Жақсы ауданы, Подгорное ауылы, Школьная көшесі, 10А.
2) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат:
2022 жылы «Ақмола облысы білім басқармасының Жақсы ауданы бойынша білім бөлімі Подгорное ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 5 мемлекеттік қызметті көрсетті;
2022 жылы "Ақмола облысы білім басқармасының Жақсы ауданы бойынша білім бөлімінің Подгорное ауылының жалпы білім беретін мектебі" КММ 15 қызмет көрсетілді;
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетілген қызметтер саны – 3;
электрондық нұсқада көрсетілген қызметтер саны – 3;
қағаз түрінде көрсетілген қызметтер саны – 12.
Білім беру саласындағы барлық мемлекеттік қызметтер тегін көрсетіледі.
3) Неғұрлым сұранысқа ие мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат:
«Ақмола облысы білім басқармасының Жақсы ауданы бойынша білім бөлімі Подгорное ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі сұранысқа ие мемлекеттік қызметтер:
«Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдары арасында балаларды ауыстыру үшін құжаттарды қабылдау»;
«Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау».
2. Қызмет алушылармен жұмыс:
1) Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер.
Көрсетілетін қызметті алушылар үшін барлық қажетті ақпарат ресми интернет ресурста «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» -- бөлімінде мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары мен ережелері орналастырылған. Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары жұмыс істейді.
3. Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін жетілдіру жөніндегі қызмет.
Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелері.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендету және Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында облыстағы барлық мектепке дейінгі орта, арнайы білім беру ұйымдары бірыңғай ақпараттық жүйеде жұмыс істейді Аkmola.kz. Жүйеде 4 автоматтандырылған мемлекеттік қызмет іске асырылуда.
2022 жылы мемлекеттік қызмет көрсету туралы шағымдар түскен жоқ.
Мектеп директоры А.Самамбаева
Орынд. Б.Куанышпаева
Тел.98-1-166