Текст
1 қазан күні 5-6 сынып оқушылары арасында директордың ТЖ жөніндегі орынбасары Филина В.Н. басшылығымен "Қазақстанымды жақсы көремін" атты дөңгелек үстел өтті. Іс-шараның мақсаты: Отан туралы құндылық ретінде түсінігін кеңейту. Міндеттері: "Мен тұратын ел", "Отан", "Мен - қазақстандықпын" ұғымдарының мағынасын ашу; балалардың азаматтық және патриоттық сезімдерін дамыту; өз елінің рәміздеріне, оның тарихына, дәстүрлеріне, өз отандастарына құрметпен қарауға тәрбиелеу.