Текст
Наурыз мерекесі қарсаңында сынып жетекшілері "Наурыз-жыл басы" атты сынып сағаттарын өткізді. Мақсаты: оқушыларды Наурыздың тарихы мен салт-дәстүрлерімен таныстыру; Наурыздың қалай және неге жаңа жылдың басталу мерекесі болып саналатыны, оның әртүрлі елдерде қалай аталып өтілетіні, осы мерекемен қандай әдет-ғұрыптар мен дәстүрлер байланысты екендігі туралы әңгімелеу; түрлі халықтардың мәдениеті мен салт-дәстүрлеріне құрмет көрсетуге тәрбиелеу