Текст
"Біз темекісіз Қазақстан үшін!" Дүниежүзілік темекі шегуге қарсы күрес күніне орайластырылған. Мектеп медицина қызметкері Б. С. Мажитова 119 оқушыны қамти отырып, 1-11 сынып оқушыларымен "Темекі шегудің алдын алу" тақырыбында әңгіме өткізді. Жергілікті WhatsApp чатында ересек тұрғындар мен оқушылардың ата-аналары қамтылды, сонымен қатар жадынамалар таратылды.