Текст
20.10.2025
Республика күнін мерекелеуге арналған жоспар аясында-25 қазан күні "Подгорное ауылының ЖОББМ" КММ-де "Қазақстан Республикасы күні" жалпы мектептік жиыны өтті. Өткізудің мақсаты: білім алушылардың бойында патриоттық сананы, Қазақстан Республикасының тарихы мен мемлекеттік рәміздеріне құрметпен қарауды қалыптастыру, өз Отаны үшін мақтаныш сезімін тәрбиелеу, сондай-ақ азаматтық жауапкершілік пен ұлттық сана-сезімді дамыту. Жиын барысында мектептің үздік оқушылары грамоталармен марапатталды.
