Текст
Туберкулез айлығы аясында 24 ақпан мен 24 наурыз аралығында мектептің медицина қызметкері Мажитова Б.С. келесі жұмыстарды жүргізді: мектеп фойесінде ақпараттық стенд ресімделді, 5-7 сынып оқушыларымен "Туберкулездің алдын алу" тақырыбында әңгіме жүргізілді, сонымен қатар жадынамалар таратылды және 2а-2б сынып оқушылары "Туберкулез - жұқпалы ауру" диктантын жазды, "Туберкулездің алдын алу. Егер сізде үйде туберкулезбен ауыратын адам болса" тақырыбындағы ақпараттарды жергілікті чатта жариялады.